Ауғанстанда 3 шетелдік жауынгер мерт болды

Ауғанстанның шығысында халықаралық күштердің құрамындағы 2 шетелдік жауынгер қаза тапты. НАТО күштерінің басшылығы хабарлағандай, жауынгерлер бомбаның жарылысынан құрбан болды. Олардың қай елге жататыны айтылмады.
Ал Ауғанстанның оңтүстігінде бомбаның жарылысынан алған жарақаттарынан 1 АҚШ жауынгері көз жұмды.