"Нью-Йорк таймс": АҚШ Ауғанстанда азаматтық қоғам орната алмай отыр

Президент Барак Обаманың Ауғанстанда азаматтық қоғам орнату туралы ойын жүзеге асыруға АҚШ-тың шамасы жетпей отыр. "Нью-Йорк таймс" газеті, АҚШ үкіметі мен әскери шенеуніктердің айтқандары негізінде дайындалған баяндамасында, осындай тұжырым жасаған.

Баяндамада Ауғанстандағы сот жүйесінің әлсіздігі соншалық, көптеген ауғандықтар Талибан сот жүйесіне жүгінуге мәжбүр екендігі айтылған. Өзін таныстырудан бас тартқан американдық бір әскери шенеунік «көптеген ауыл тұрғындары Талибан қозғалысының сот жүйесінен бір нәтижеге қол жеткізуге болады деп есептейтіндігін» айтқан.