Алматы облысында тұрғын үйге бомба түскен

Дүйсенбі күні Алматы облысында жаттығулар кезінде әуеге көтеріліп бара жатқан Су-24 ұшағынан фугас бомбасы құлап, тұрғын үйге түскен. Бас әскери прокуратураның хабарлауынша, бомба жарылмаған, ешкім зардап шекпеген.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып отыр.