АҚШ: Пәкістанға көмек бұл елдің ішкі ісіне араласу емес

АҚШ заңшығарушылары Пәкістанға беретін мулти-миллардттық доллар көмегіне байланысты алаңдаушылықтарды басуға тырысып, Құрама Штаттардың Пәкістан егемендігіне араласу ниеті жоқ деп мәлімдеді.

Өткен аптада Вашингтонға барған Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши қайтадан АҚШ астанасына оралып, Обама әкімшілігімен, заңшығарушылармен Пәкістанға берілетін 7,5 млд доллар көмек жоспары туралы келіссөздер өткізбек.

Бұл заң жобасына Пәкістанның әскерінің кейбір мүшелері бұл Пәкістан үкіметіне сырттан есік ашып беру деп, АҚШ-тың беретін қаржылай көмегіне наразылық танытқан.