Қытай мен Ресей баллистикалық зымыран туралы пактіге қол қойды

Қытай мен Ресей бірін-бірі баллистикалық зымыран ұшыру жоспары туралы хабарлама беретін келісім жасады.

Оған осы аптада Бейжіңге барған Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің сапары кезінде қол қойылды.

Путин бұл келісім Ресей мен Қытайдың арасындағы бір-біріне сенімді арттырып, стратегиялық әріптестікті қолдауға жасалған маңызды қадам болды деп айтты.

Дәл осындай келісімді 1971 жылы Ресей мен Құрама Штаттар жасап, өз араларында баллистикалық зымыран ұшыру жоспарлары туралы хабарлама алып тұруға келіскен.