Армения президенті тарихи сапармен Түркияға барды

Армения президенті Серж Саргсян Түркияның солтүстік-шығысындағы Бурса қаласына аялдады. Бұл сапар екі елдің арасындағы байланыстарды қалпына келтіруге бағытталған жаңа қадам болды.

Саргсян түркиялық әріптесі Абдулла Гүлмен бірге түркия-армения арасындағы футбол ойынын көреді.

Арменияның бұрынғы екі президенті осыған дейінгі халықаралық жиындарға қатысу үшін Түркияға барған. Бірақ екі елдің қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған сапармен Саргсян Түркияға бірінші рет барып отыр.