Газ құбырындағы апат салдарынан мыңдаған тұрғын отынсыз қалды

Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбекші ауданының аумағынан өтетін магистралді газ құбырындағы апатты жағдайдан кейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Газ құбырындағы апат салдарынан Шымкенттегі 1,4 мыңнан астам жеке үй мен «Шымкент сүт» АҚ және «Olaks» ЖШС өнеркәсіп нысандары газсыз қалған.