Пәкістандағы террорлық шабуылдан 8 адам қаза болды

Полицияның хабарлауынша, елдің солтүстік батысындағы Кохат қаласындағы полиция бекеті жанында мина қойылған көлік жарылған. Құрбан болған 8 адамның арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Бұдан бұрын Солтүстік Вазиристан провициясына жасалған зымыран шабуылынан төрт адамның қайтыс болғандығы хабарланған. Бұл шабуыл Талибан әскерінің жетекшісі Джалалуддин Хаккани жасырынуы мүмкін деген аумаққа жасалған. Ол адам Ауғанстандағы шабуылға қатысты деген күдікке ілінген.