Қытай қазақстандық дақылдардың импортталуына квота бөлмек

Қытай қазақстандық дәнді дақылдардың импортталуына квота бөлуге шешім қабылдады, — деп хабарлады ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Бұл сәрсенбі және бейсенбі күндері Қытай басшылығымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысында белгілі болды.

«Биыл бізде егін өнімінің жақсы болғаны белгілі, ал оны сатуда белгілі бір қиындықтар кездеседі. Сондықтан қытайлық нарыққа біздің дақылдарымыздың шығуы үлкен жетістік», — деді үкімет басшысы.