ҚМДБ: Қазақстандықтардың алғашқы тобы қажылыққа 10-қараша күні аттанады

Қажылыққа барушы қазақстандықтардың алғашқы тобы 10-қараша күні Сауд Арабиясына ұшып шығады, — деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Биыл қазақстандықтардың қажылық сапарын ұйымдастыруға елдің 20 туристік фирмасы рұқсат алған. Ал Сауд Арабиясымен арадағы әуе дәлізі 20-қазаннан 21-қарашаға дейін ашық болады.

Қазіргі уақытта туристік фирмалар азаматтардың тапсырыстарын қабылдап, сол бойынша құжаттар дайындау үстінде. Сауд Арабиясы биыл қазақстандық азаматтарға 4 мың адамдық квота бөлді.

Ал өз кезегінде Сауд Арабиясы Египет, Йемен, Иордания мен Бахрейн сияқты араб мемлекеттері біріккен шешімдерінде қажылық сапарына 12 мен 65 жас аралығындағы азаматтарға ғана рұқсат ететін шектеу қойды.