Аймақтағы саяси қалжыңдар
Михаил Златковскийдің Азат Еуропа/ Азаттық радиосының орыс редакциясы үшін салған карикатурасы “Елге жылымық келе жатыр” деп аталады. Орыс қызметінің вебсайтындағы бұл әжуаға “Президент шектеулі азаттықтан гөрі азаттық жақсырақ деді” деген тақырып қойылыпты.
Алех Миних пен Павел Морозоудың келемеж суреттерінен Ресейдің газ монополисі «Газпромның» көрші елдерге газ беруді тоқтатып, Беларусь президенті Александр Лукашенко билігіне газбен үрлеу қаупін төндірген қысқы дағдарысқа қатысты әзіл-сықақ көріністерін көруге болады.
Украинаның eggs.com.ua әзіл-сықақ вебсайты газ дағдарысына байланысты басқа бір карикатураны ұсынады, онда газ құбырын бұрап жауып жатқан адам Владимир Путинге ұқсайтын етіп бейнеленген және ол былай дейді: "Мұны жақсылықпен жасамасаңдар, енді менің айтқаныммен жасайсыңдар!"
Ирандық сықақшы- әзілкеш Никаханг Ковсар үкімет өкілі Голам Хуссейн Элхамның президент Махмуд Ахмединежадты “сауалнамалар бізге басқалардың алыста екенін көрсетті” деп сендіріп жатқанын көрсетеді.
Әзірбайжандық Шериф деп танылған карикатурист емін-еркін жазам дегендерге төнген қауіп туралы суреттеме береді.
Шерифтің 1990-шы жылдардағы тағы бір жұмысы алыстан көрінген еркіндік үмітін осылай бейнелеген.
Әлемдік сөз бостандығы күнін атап өтуге қатысты Түркменстандағы карикатурада президент Грубангулы Бердімұхамедовтің теледидарда тек жымиып тұруды талап еткенін көрсетеді.
Ирақ суретшісі Мояд Неаманың мына карикатурасында жағымпаз Баас партиясының мүшесі террористке жағынып, табанын жалап жатыр.
Әзілкеш Неама мына әжуа суретінде байқуатты әйелдің күйеуінен “Жақсы бір жаңалығың бар ма? Үкіметтен бірдеңе ұрлай алдың ба?” деп сұрап тұрғанын бейнелеген.