Астанада он қабатты үйден өрт шықты

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні кешкісін Астанадағы Есіл ауданының Қабанбай батыр даңғылында орналасқан «Радуга» түрғын үй кешенінің он қабатты үйі өртенген.

Көпқабатты үйдің төртінші қабатынан тоғызыншы қабатына дейін 15 шаршы метр аумақтағы электр желілерінің қорғанышы өртенген.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ деп хабарланды, он адам құтқарылған, 50 адам көшірілген.