Қазақстанның Ватикандағы елшісі тағайындалды

ҚР мемлекет басшысының жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, — деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Мұхтар Тілеуберді бұған дейін Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.