Қажылыққа баратын қазақстандықтарға денсаулық сертификаты берілмек

Қазақстандық тәуап етушілер Сауд Арабиясына қажылық сапарының визасын алу үшін менингитке қарсы егуден өтуі тиіс, — деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Александр Еремеев.

Оның айтуынша, аталмыш вакцина қажылыққа аттанардан екі апта бұрын егілмек. Сауд Арабиясы үкіметінің талабына сәйкес, барлық азаматтар A/H1N1 тұмауына қарсы егілгендіктері туралы анықтаманы көрсетулері керек. Сондай-ақ қажылыққа баратын қазақстандықтарға денсаулық жағдайлары туралы медицина мекемелері куәландырған сертификат беріледі.