Шешенстандағы қақтығыста 5 адам қаза тапты

Шешенстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бүгін Шешенстанда орын алған қақтығыста бүлікші деп күдіктелген 4 адам мен бір полиция қызметкері қаза тапқан.

Министрліктің баспасөз хатшысы Магомед Дениевтің мәлімдеуінше, Гойты ауылында бір үйді қоршап алып, 2 қарулы адамды өлтірген. Бұл оқиғада сондай-ақ полицей құрбан болған және екеуі жараланған. Сонымен қатар сәрсенбі күні Ермоловка ауылы жанында бүлікші деп күдіктелген тағы бір кісі өлтірілген, ал төртінші күдікті Грозныйда сейсенбіде қаза тапқан.