Есіргеповтың шағымы бойынша облыстық сот алқасының отырысы басталды

Бүгін Жамбыл облыстық сотының алқасы журналист Рамазан Есіргеповтің Тараз қалалық сотының шығарған үкіміне берген апелляциялық шағымын қарауды бастады деп хабарлайды Азаттық тілшісі Тараздан.

Сот отырысында Есіргеповтың өзі жоқ, сот алқасы шағымды сырттай қарап жатыр. Сондай-ақ апелляциялық сотқа қатысу үшін Алматыдан арнайы келген Есіргеповтың зайыбы Раушан Есіргепованы, журналистер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің бүгінгі отырысқа қатысуына сот рұқсат бермей қойды.

«Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов биылғы тамыз айының басында Тараз қалалық сотының үкімімен 3 жылға бас еркіндігінен айру жазасына кесілген болатын. Сот журналисті Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметтік құпиясын заңсыз жолмен алып, оны газет бетінде жариялағандығы үшін айыпты деп тапты.