Армения Түркиямен достық орнатуды Қарабах дауынан бөліп қарайды

Арменияның сыртқы істер вице-министрі Арман Кирокосян Түркия мен Арменияның достық қарым-қатынас орнату жөніндегі хаттамаларының Таулы-Қарабахпен еш қатысы жоқ деді.

Азаттықтың әзірбайжан қызметі хабарлағандай, Бакудегі журналистер алдында сөйлеген вице-министр Қарабах тек Әзірбайжан мен Арменияның мәселесі деген.

Ол түркиялық және армениялық президенттердің қол қойған қарарында Таулы-Қарабах жайында алғы шарттар қаралған жоқ деді.

Киракосян Бакуге Қара теңіз ынтымақтастығы ұйымының сессиясына қатысуға барған.