Ингушетияда оппозиция басшысы оққа ұшты

Ресейдің Ингушетия республикасындағы оппозиция жетекшісі бүгін оққа ұшты.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Макшарип Аушев Нальчик қаласында көлігімен кетіп бара жатқан кезінде өлтірілген. Аушев Ингушетия президенті Юнус-Бек Евкуровпен жақсы қарым-қатынаста болған. Евкуров маусым айында орын алған жарылыстан қатты жараланған болатын.

Мәскеу аймақтағы зорлық-зомбылыққа байланысты мұсылман бүлікшілерін кінәлайды.