Тимошенко Украинаның президент сайлауына түседі

Премьер-министр Юлия Тимошенко Украинада өтетін президент сайлауына түседі. Тимошенконы сенбі күні оның партиясы президенттікке үміткер етіп тағайындады. Киев орталығында өткен жиынға Тимошенконың мыңдаған қолдаушылары қатысты.

Юлия Тимошенко әділетті заңдар жасауға, жемқорлықты жоюға және көршілес Ресеймен қарым-қатынастарды жақсартуға, сондай-ақ Украинаны ЕуроОдаққа жақындатуға уәде етті.

Қаңтардың 17-дегі президент сайлауына сондай-ақ Ресейді қолдайтын бұрынғы премьер-министр Виктор Янукович те түспек. Ол жұма күні өз қолдаушылары алдында сөйлеген сөзінде Ресеймен толық әріптестікті қалпына келтіріп, АҚШ және ЕуроОдақпен ынтымақтастықты дамытуға уәде берді.