Қазақстанға Румыния президенті келеді

Бүгін Румыния президенті Траян Басескудің Қазақстанға ресми сапары басталады.

Бұл туралы хабарлаған ҚР СІМ-нің мәліметі бойынша, Румыния президенті Қазақстан басшылығымен кездесулер өткізіп, екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестік мәселелерін талқыламақ. Келісімдер нәтижесінде екіжақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.