Пәкістан осыдан бір күн бұрын тұтқындалған 11 ирандық қауіпсіздік қызметкерін босатты. Пәкістанның шекаралық әскери күштерінің баспасөз хатшысы Муртаза Баигтің мәлімдеуінше, шекарадан заңсыз өтті деген айыппен ұсталған ирандықтар азат етілген себебі тергеу олардың айыпсыз екендігін көрсеткен.
Өз кезегінде Иранның мемлекеттік телеарнасы қолға түскендер контрабандашылардың ізіне түскен шекарашылар еді деп мәлімдеді.
Таяуда Иранда болған жанкештілік шабуылға байланысты Теһран Пәкістанның барлау ресмилерін айыптаған болатын.