Қарағандыда «Валют-Транзит Банктің» бұрынғы тең төрағасы Индира Сағындықова тергеу абақтысына қамалды, — деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Сот бұдан бұрын Индира Сағындықованы ҚР ҚК-нің бес бабына, соның ішінде жалған кәсіпкерлік пен ақшаны заңсыз легализациялау баптары бойынша кінәлі деп тапқан.
Аудандық сот 3,5 жыл шартты жаза белгілегенімен, прокурордың қарсылығы бойынша облыстық сот жазаны қатайтып жаза мерзімін түрмеде өтеуге үкім шығарды. Үкімнің заңды күшіне енуіне байланысты Индира Сағындықова тергеу абақтысына қамалған.
Бір жылдан астам іздеуде болған Сағындықова өткен жылдың қараша айында Ресейдің Малоярославец қаласында ұсалып, Қазақстанға қайтарылған болатын. Сотта әріптестері мен банктің президенті Андрей Беляев оны банктің күйреуіне басты кінәлі адам ретінде атаған.
Сот банктің активтері алаяқтық жолмен 27 жалған кәсіпорын арқылы Беляевтің жеке шотына аударылып, шығын көлемі 6,5 млрд долларды құрағанын анықтаған.