АҚШ өкілі Ресейде ядролық келіссөз өткізбек

АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джеймс Джонс осы аптада Ресейге барып, екі ел арасында ядролық арсеналдарды азайту туралы жаңа келісім жасауға бағытталған келіссөз өткізеді.

Ақ үйдің хабарлауынша, Джонс Мәскеуде Ресейдің жоғары лауазымды ресмилерімен кездеспек. Екі жақ Стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі келісімнің сәтті жасалауы туралы келіссөз өткізбек. Бұл келісімнің мерзімі желтоқсан айында аяқталмақ.