Бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген «Қазатомпром» ұлттық компаниясының қамаудағы бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішева күйеуінің денсаулық жағдайы нашар екенін, бірақ дәрігерлер оған қандай ем қолданып жатқанын жасырып отыр деп мәлімдеді, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Өткен сенбіде «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев жоғарғы қан қысымына байланысты ауруханаға жатқызылған болатын. Алайда Жәмила Жәкішева күйеуінің жағдайының мүшкілдігіне қарамастан оны тергеу изоляторына қайта ауыстырғанын және дәрігерлердің Мұхтардың жағдайы мен қандай ем қабылдап жатқанын жасырып отырғанын мәлімдеді.
Баспасөз мәслихатына қатысқан «Аман -Саулық» қорының төрайымы Бақтылы Түменова Мұхтар Жәкішевтің жағдайына байланысты құқық қорғаушылар мен Бас прокуротураға хат жазғанын айтты.
«Хатта мен Жәкішевтің ауыр халын ескеріп, бұл мәселені шешулерін сұрадым», — деді Бақтылы Түменова.