Ресей мен Эквадор бірқатар келісімге қол қойды

Президент Дмитрий Медведев пен Эквадор президенті Рафаэль Коррея екі ел арасында 22 миллиондық келісімнің жасалғанын жариялады. Оған сәйкес, Ресей Эквадорды Ми-17 тікұшақтарымен қамтамасыз ететін болады.

Сонымен қатар екі ел арасында су электр станциялары мен мұнай мен газға қатысты келісімдерге қол қойылды.

Корреа өзінің Ресейге сапарын тарихи деп атады.