Путин газға байланысты Киевке ескерту жасады

Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің айтуынша, Украина ресейлік газға төлеуде тағы да проблемаларға тап болуы мүмкін. Президент Виктор Ющенко газға төленетін қаржының аударылуына кедергі жасауда деді Путин. Бұл туралы ол Украина премьер-министрі Юлия Тимошенкомен телефон арқылы сөйлескен соң мәлімдеді.

Осы жылдың қаңтар айында Мәскеу мен Киев арасында газ бағасына байланысты дау шыққан соң бірқатар Еуропа елдеріне газ тасымалы тоқтап қалған болатын.