Украина орыс газының ақшасын төлеуге тағы да қиналып отыр. Өткен жұма күні Украина үкіметінің төрайымы Юлия Тимошенкомен телефон арқылы өткізген келіссөзінен кейін Ресей премьер-министрі Владимир Путин осылай деп мәлімдеді. Тимошенконың сөзіне сілтеме жасаған Путиннің мәлімдеуінше, украин президенті Виктор Ющенко Ресейдің Орталық банкі мен Украина үкіметінің өзара ынтымақтастығына бөгет жасап, ақша аударуға тосқауыл қойып отыр.
Ресей мен Киевтің газдың бағасына байланысты өзара уәжге келе алмауы салдарынан, 2009 жылдың қаңтарында Еуропаның бірқатар еліне Ресей газы 2 апта бойы жетпей тұрды.
Ресей мен Киевтің газдың бағасына байланысты өзара уәжге келе алмауы салдарынан, 2009 жылдың қаңтарында Еуропаның бірқатар еліне Ресей газы 2 апта бойы жетпей тұрды.