АБУ-ДАБИ: Х.Клинтон М.Аббаспен кездесті

Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөзге қайта жан бітіру мақсатымен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Таяу Шығысқа келіп жетті.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен келіссөз жүргізу үшін Иерусалимге аттануының алдында Хиллари ханым Абу-Дабиде Палестина автономиясының төрағасы Махмуд Аббаспен жүздесті.
Палестина жерінде Израиль еврей қоныстарының құрылысын толығымен тоқтатпай жатып Палестина басшылығы бейбіт келіссөзді жалғастырудан бас тарту үстінде. Ал Израиль ол талапты қабылдамай отыр.