Филиппин тағы да табиғи апатқа душар болды

Филиппин аралды еліне қуатты тайфун соқты. Келіп жеткен хабарларға қарағанда, кем дегенде 11 адам қаза болды не хабар-ошарсыз жоғалды.
Дауыл желдің жылдамдығы сағатына 185 шақырымға дейін жетеді. Таяуда болып өткен құйыннан кейін жартылай су басқан ел астанасы – Манилаға нөсер жаңбыр құйды.
Мыңдаған халық су тасқынынан қорқып баспаналарын тастап кетті. Әуе байланысы мен электр желілері үзіліп, мектептер жабылды.