Украина доңыз тұмауымен күресте халықаралық көмекке зәру

Украина әлемнің алпауыт елдерін доңыз тұмауымен күресуге шұғыл көмектесуге шақырып отыр. Бұл елде бір аптаның ішінде 60 адам дем алу жолдарындағы проблемаларына байланысты көз жұмды.

Президент Виктор Ющенко АҚШ пен Еуропа Одағы және НАТО-ға сондай-ақ Украинаның көршілес елдеріне хат жолдап, олардан H1N1 вирусымен күресуге көмектесуді сұраған. Президент кеңсесінің хабарлауынша, Украина Швейцариядан 16 тонна "Тамифлу" дәрісін сатып алу жөнінде өтініш тапсырған.