Қазақстан президенті Италия мен Ватиканға барады

Ертең Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Италия республикасы мен Ватикан мемлекетіне сапары басталады.

Бұл туралы хабарлаған ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың мәліметінше, Қазақстан президенті Италияның мемлекет басшысы Джорджо Наполитаномен, министрлер кеңесінің төрағасы Сильвио Берлусконимен келіссөздер жүргізіп, Рим папасы Бенедикт XVI және мемлекеттік хатшы Тарчи́зио Бертонемен кездеседі.