Ислам лигасының Бас хатшысы Қазақстанда діни форум өткізуді ұсынды

Дүниежүзілік Ислам лигасының (ВИЛ) Бас хатшысы Абдалла Бин Әбділ Мухсин Ат-Түрки дүйсенбі күні Меккеде ҚР Парламент сенаты төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеймен кездесу барысында Астанада ТМД елдері мүфтилері мен дін қайраткерлерінің форумын өткізуді ұсынды.

Абдалла Ат-Түрки бұл жиынды Қазақстанның 2010 жылды «Мәдениет пен діндерді жақындастырудың халықаралық жылы» деп жариялау туралы бастамасы аясында өткізуге ұсыныс жасады.