Чехия соты: Лиссабон келісімі конституцияға қайшы емес

Чехияның конституциялық соты ЕуроОдақтың Лиссабон келісімі елдің конституциясына қайшы келмейді деген шешім шығарды.

Чехия Еуропа Одағына мүше елдердің арасында осы келісімді бекітпеген жалғыз ғана мемлекет. Чехия парламенті одақтағы шешім шығару үдерісін тездететін бұл құжатты мақұлдады бірақ президент Вацлав Клаус оған әлі қол қоймады.

Бір топ сенаторлар конституциялық соттан Лиссабон келісіміне қатысты шешім шығаруды сұраған болатын.