Қазақстанның Бас прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған ата-аналардың балаларын әлеуметтік төлеммен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік алименттік қор құруды ұсынады, — деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта сот өндірісінде алимент өндіріп алуға қатысты 90 мыңға жуық құжат бар екен. Яғни, осынша ата-ананың балалары өздеріне тиісті қаржыны ала алмай жүр.
Бұған қоса кәмелетке толмағандардың құқығы сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Бас прокуратура алимент төлемегендігі үшін алынатын айыппұлдың көлемін ұлғайтуды да ұсынып отыр.