Президент Астанадағы өртке кінәлілерді жазалауды тапсырды

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы қоймадан шыққан өрт салдарынан құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтып, қала әкіміне оларға материалдық көмек көрсетуге тапсырма берді, — деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ мемлекет басшысы тарапынан Бас прокурорға апаттың себебін біліп, кінәлілерді әшкерелеп, «қатаң жауапкершілікке» тартуға тапсырма берілді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Астанадағы «Транзит-сервис» компаниясының пенопласт сақталатын қоймасында дүйсенбі күні өрт шыққан еді.