«Керей-Жәнібек» ескерткішін қорғаушы жастардың жиыны өтеді

Қазақстандағы бірқатар жастар ұйымдары мен жас саясаткерлер бүгін Алматыда «Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек ханның ескерткіші төңірегіндегі жағдай туралы» баспасөз конференциясын өткізеді.

Жиын барысында олар қазақстандық жастар ұйымдарын біріктіретін қоғамдық комиссияның құрылғандығын жариялап, қарашаның 22-сі күні жастар шеруіне шығатындықтарын хабарлайды.

Қазанның 27-і күні Керей мен Жәнібек хандар ескерткіштерінің далада жатқанына наразылық танытқан жастар оларды тиісті мекеніне орналастыруға билікке екі апта уақыт беріп, өз талаптары орындалмаған жағдайда республикалық жастар шеруіне шығатындықтарын мәлімдеген болатын.