Гаага соты босниялық сербтің түрме жазасын 4 жылдай азайтты

Бүгін БҰҰ-ның соғыс қылмыстары бойынша трибуналы бұрынғы босниялық серб генералы Драгомир Милошевичке берілген 33 жылдық түрме жазасын 29 жылға қысқартты.

Ол 1994-95 жылдары Босния астанасы Сараевода болған шабуылдарға әскери жетекшілік жасағаны үшін сотталған.

Гаага соты Милошевичке 2007 жылы берілген мыңдаған бейбіт тұрғынды өлтірген жасаққа қолбасшы болғаны үшін тағылған айыпты өзгертпей, нақты үш шабуылға қатысты жауапкершіліктен босатты.

Сараеводағы ол шабуылда ішінде мыңдаған бала бар 10 мыңдай адам өлтірілген.