НАТО басшысы жауапкершілікті ауған күштеріне бергісі келеді

Бүгін НАТО бас хатшысы алдағы жылы альянс күштері жауапкершілікті ауған жасақтарына беруді бастауы керек деді.

Андерс Фог Расмуссен бұл туралы Лондонда Британия премьер-министрі Гордон Браунмен кездесуден кейін айтты.

Браун осы аптада 9 мыңдай Британия күштері орналасқан Хельманд провинциясында тапсыру шаралары маусымның басында басталуы керек деген.

Ауған билігін сынаушылар Карзай үкіметі жемқорлық жайлаған деп, жауапкершілікті алуға дайын емес дейді.