Обама жұмыс орнын ашу туралы Ақ үй саммитін жариялады

Бүгін АҚШ президенті Барак Обама жұмыс орнын құру үшін Ақ үйде “біз қалай бірге жұмыс жасай аламыз” деген саммит ұйымдастырып жатқанын айтты.

Бұл туралы Вашингтонда айтқан Обама мәліметтерге қарағанда, Құрама Штаттарда жұмыссыздар өтемақысын талап еткендердің көп болмауы үміт тудырады деді.

Бірақ ол миллиондаған адамға жұмыс тауып беру проблемасы өз әкімшілігінің басты мәселесі екенін алға тартты.

Обама тепе-теңдікпен өсу стартегиясына қажетті тұстарды осы аптаның аяғында Сингапурдегі жиында Азия тынық мұхиты жетекшілерімен талқылайтынын айтты.

АҚШ президентінің бұл мәлімдемесі оның Азияға сапары алдында болып отыр.