Еуропаның 16 елінде рецессия аяқталды

Еуропаның Екінші Дүниежүзілік соғыстан бергі ең үлкен 15 айға созылған экономикалық рецессиясы ресми түрде аяқталды.

Жұма күні үшінші тоқсанды қортындылаған ресми деректер еуро валютасын пайдаланатын Еуропа Одағының 16 елінде экономикалық өсім 0,4 процентке жеткенін байқатып отыр.

Алайда бұл өндірістегі өсім экономистер болжаған үлкен жетістік емес әрі Еуропа Одағының барлық елдері рецессиядан шыға қойған жоқ.