Ульяновскіде әскери қоймадағы өрттен бір адам қаза тапты

Ресейдің Ульяновск аймағындағы әскери қоймада өрт шығып, бір адам қаза болған. 30-дан аса адам хабарсыз кетті.

Жергілікті реситилердің хабарлауынша, алапат өрт шыққан аймақтан 3 мыңдай тұрғын басқа жаққа көшірілді. Күйікке шалынғандар аураханаға жеткізіліп жатыр.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі алдыңғы болжамдарға сүйеніп, өрт снарядттарды пайдаланып жатқанда шықты деп хабарлады. Оқиға орнында шұғыл топ қызметкерлері жұмыс істеуде.