Барак Обама Ху Цзиньтаомен кездесті

Шанхайдан Бейжіңге келген АҚШ президенті Барак Обама бүгін өзінің қытайлық әріптесі Ху Цзиньтаомен кездесіп, екі елдің сауда байланыстарын, Иран мен Солтүстік Корея мәселелерін талқыға салды.

Барак Обама Иранның ядролық бағдарламасына қатысты АҚШ пен Солтүстік Кореяның бір пікірде екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде Ху Цзиньтао Бейжің мен Вашингтонның сауда мәселелері жөнінде кеңес өткізетінін айтты.