Қырғызстанда Орталық Азиядағы табиғи апат жағдайы талқыланбақ

Ертең Қырғызстанның астанасы Бішкекте Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан елдерінің үкіметтік емес ұйымдары мен мемлекеттік ведомстволары Орталық Азиядағы табиғи апат жағдайларын талқыламақ, — деп хабарлайды 24.kg агенттігі.

Халықаралық конференцияда су тасқыны, жер сілкінісі сияқты табиғи апаттардың салдарын жою мен алдын алу мәселелері қарастырылады.