Чехия мен Словакия Мақпал төңкерісінің 20 жылдығын атап өтуде

Бүгін чехтар мен словактар Чехословакия коммунистік үкіметін биліктен кетірген Мақпал төңкерісінің 20 жылдығын тойлап жатыр.

1989 жылдың соңында орталық және шығыс Еуропада үкіметке қарсы шерулер көптеп орын алып, қарашаның 17-де полиция студенттердің Прагадағы шеруін күшпен басып тастаған.

Бұл халықтың наразылығын күшейтіп, ақырында 40 жылғы коммунистік биліктің құлауына әкелген.

1990 жылы Чехословакия бірінші демократиялық сайлау өткізді. 1993 жылы саяси жетекшілердің келісімінен кейін Чехословакия Чехия және Словакия болып екіге бөлінді.