Алматы жұрты режиссер Әзірбайжан Мәмбетовпен қоштасады

Бүгін Алматыдағы Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында әйгілі режиссер, қоғам қайраткері Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовпен қоштасу рәсімі өтеді.

Қазақстанның Халық қаһарманы, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның және Қарақалпақстанның халық әртісі Әзірбайжан Мәмбетов Астана қаласында 18-қараша күні 77 жасында дүниеден озды. Марқұмның отбасына Қазақстанның мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айтты.

Ол М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында режиссер, «Мосфильм» киностудиясында режиссер-стажер, «Қазақфильм киностудиясының директоры болып қызмет істеді. Өмірінің соңғы шағында Астанадағы Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының жетекшісі қызметін атқарды.