Ауған армиясын НАТО жаттықтырады

НАТО әскери одағы Ауғанстанның қауіпсіздік күштерін жаттықтыруды өз міндетіне алды. Осыған дейін ауған полициясы мен жауынгерлерін оқытып жаттықтыру міндетін АҚШ-тан келген мамандар атқарып келген болатын. Бұдан былай америкалық әскери мамандар Ауғанстанның қауіпсіздік күштерін даярлайтын жаңа НАТО басқармасының құрамына кіреді.
Сенбі күні Ауғанстанның қорғаныс министрі Абдул Рахим Вардак хабарлағандай, ауған билігі полиция мен армия қатарын 2 есе өсіруді жоспарлап қойды.