Үндістандағы 2 жарылыстан 7 кісі опат болды

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында болған 2 жарылыстың салдарынан - соңғы мәлімет бойынша - 7 кісі опат болып, 50-ден аса адам жараланды.
Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, Налбари қаласындағы полиция кеңсесінің маңында 1 минуттың ішінде 2 бомба жарылды. Сәл кешірек полиция кеңсесінен бірнеше шақырым жердегі базарда үшінші бомбаның жарылғаны туралы хабар расталмады. Ол ойыншық жарылғыш болып шықты.
Тергеушілер бұл қастандықтарды «Ассамды азат ету майданы» деп аталатын сепаратистік топтың содырлары жүзеге асыруы мүмкін деп күдіктенеді.