Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақфильм» киностудиясының жұмысымен танысуға барады

Алматыда екі күндік жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына барып, онда жаңашаландыру концепциясымен таныспақ, — деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, киностудия басшылығы мемлекет басшысына тұжырымдаманы таныстырумен қатар болашақ жоспарларымен де бөліспек.