Ирақ парламенті сайлау заңына қатысты дауды талқылауда

Ирақ парламенті сайлау туралы заң төңірегіндегі дауды қалай шешуге болатынын талқылауда. Вице-президент Тариқ әл-Хашеми бұл заң жобасы шетелдегі ирақтықтарға жеткілікті орын бермейді деп, оның бір бөлігіне вето қойған болатын.

Бұл заңның қабылданбауына байланысты қаңтар айында белгіленген ұлттық сайлаулар кейінге қалдырылуы мүмкін.