АҚШ Оттава конвенциясына қол қоймайды

АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі жер миналарына тыйым салу жөніндегі 10 жылдық халықаралық келісімге қол қоймайды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Иан Келлидің айтуынша, Обама әкімшілігі жер миналарын пайдалану мен өндіруге қатысты саясатын қайта қарап, бұл тұрғыдағы саясатын өз күшінде қалдыруға шешім қабылдаған.

1999 жылы жасалған жаяу жүргіншілерге қарсы миналарды өндіру, тасымалдау және пайдалануға тыйым салатын Оттава конвенциясына 156 ел қол қойған.

Бірақ АҚШ, Қытай, Ресей және Үндістан елдері бұл конвенцияға қол қоймаған.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Құрама Штаттар алдағы аптада өз бақылаушыларын минаға тыйым салу келісімін қайта қарайтын конференцияға қатысу үшін Колумбияға жібереді деген.